Balance: 0.00
Авторизация
Демонстрационный сайт » Рефераты » Педагогика (Рефераты) » Педагогикалық менеджмент теориясы және практикасы
placeholder
Openstudy.uz saytidan fayllarni yuklab olishingiz uchun hisobingizdagi ballardan foydalanishingiz mumkin.

Ballarni quyidagi havolalar orqali stib olishingiz mumkin.

Педагогикалық менеджмент теориясы және практикасы Исполнитель


Педагогикалық менеджмент теориясы және практикасы
  • Скачано: 0
  • Размер: 22.3 Kb
Matn

Педагогикалық менеджмент теориясы және практикасы.

 

  1. Білім мекемесі менеджменті туралы түсінік.
  2. Академик лицей және кәсіп-өнер коллеждері туралы Заң.
  3. Орта-арнайы, кәсіп-өнер білімін басқару.
  4. Білім мекемесі Уставы – басшылық және басқару жүйесін анықтаушы құжжат.

Тірек ұғымдар: Менеджмент, басқару, Устав

 

Басқару- бұл белгілі бір обьектге ұйымдасқан түрде, жоспарлы, системалы әсер ету.

            Оқу орындарын педагогикалық қызметін басқару- педагогикалық процесті жоспалау, ұйымдастыру, марапаттау, нәтижелерді бақылау және талдауға айтылады.

            "Менеджмент" – ағылшын сөзі «басқару» деген мағынаны білдіреді. Ол ағылшынның "манус", яғни "қол, күш" – деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтсақ, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдардың белгілі бір ұжымын, тобын басқарудың, ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болған.

Менеджмент сөзі ағылшын тілінің Оксфорд сөздігіне былай берілген:
1. Адамдармен қарым-қатынас жасау әдебі.

  1. Билік және басқару мәдениеті.
  2. Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды.
  3. Басқару органы, әкімшілік бірлік.

Менеджмент ұғымы басқару саласы бойынша да түрлі мағынаны білдіреді. Менеджмент – басқару сөзінің аналогы болғанымен, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Басқару сөзінің аясы кең, ал менеджмент белгілі бір басқару түрін, яғни акционерлік компанияның немесе кәсіпкерлік корпорациялардың, жеке шаруа (фермер) қожалығының жұмысын әлеуметтік, экономикалық процесс негізінде басқару.

Менеджмент теориясын алғашқы ұсынушылардың бірі Ф.Тейлор менеджмент – іргелі дәл ғылымға, ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептесе, П.Друкер жоғарыдағы аталған элементтері бола тұра, менеджмент ғылымнан немесе кәсіптен гәрі, тәжірибеге жуыұтау деген. Менеджмент ұғымын іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда, тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады. Ал менеджмент туралы неміс мамандары Вернер Зигерт пен Лючия Ланг менеджмент – өндірісті басқарудың әдістері мен тәсілдері, өзін-өзі басқару, өзін-өзі іштей реттеу, нәтижеге жетудің ізгіленген, пайдалы, тиімді амалы десе, орыс оқымыстысы А.В.Попов жұмысты бағдарлау, мақсатқа жетуің тиімділігі дейді. Менеджмент – өндірісті басқару мен өнімнің артуын іске асырудағы стратегияның тиімділігі, өзін-өзі ақтауы, пәлсапасы, принципі, әдіс-тәсілдері.  

Менеджмент (яки басқару)-бұл бар минимал мүмкіндіктерден максимал нәтижелерге жету мақсатында белгілі бір қызметкерге немесе топқа әсер ету, олармен  ынтымақтасып әрекетте болу процесі.

Комментарии (0)
Комментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Copyright © 2024 г. mysite - Все права защищены.